Жарамсыз тұрғын үйді қабылдағандар бас бостандығынан айырылды

401

Үкімге Ақмола облысы прокуратурасының құрылыс Басқармасының қызметін тексеру нәтижелері негіз болды.  

Жарамсыз тұрғын үйді қабылдағандар бас бостандығынан айырылды Фото: esg-moscow.ru

Көкшетау қалалық сотының үкімімен 50 млн.теңгеден астам жымқыру жасағаны үшін тапсырыс берушінің өкілі ретінде үйді қабылдап, мердігерге іс жүзінде аяқталмаған жұмыс үшін төлеген құрылыс Басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға, мердігер ұйымның басшысы 7 жылға, сондай-ақ нысан құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асырған сарапшы 2 жылға бас бостандығынан айрылды.

Осылайша, жоғарыда аталған тұлғалар Щучинск қаласында 50 млн.теңгеден астам сомаға жобалық-сметалық құжаттамадан көптеген кемшіліктері мен ауытқулары бар 100 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдағаны анықтады.

Прокуратураның тексеру материалдары тергеп-тексеру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған қылмыстық кодекстің 189 бабының 4 бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу  немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Сотта сотталушылардың кінәсі толығымен дәлелденіп, іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Сонымен қатар, үкімге облыс прокуратурасы наразылық білдіріп, сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу