Ақбөкен, арқар, сұңқар бейнеленген жаңа монеталар айналымға шығады

115

Ұлттық банк "Қазақстанның жануарлар әлемі" сериясымен бес түрдегі биколорлы монетаны айналымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақбөкен, арқар, сұңқар бейнеленген жаңа монеталар айналымға шығады Фото: Ұлттық банк

Жинақта Қазақстан фаунасында сирек кездесетін аң-құстар бейнеленген: AQBÓKEN (Ақбөкен), ARQAR (Арқар), BARYS (Барыс), DÝADAQ (Дуадақ) және SUŃQAR (Сұңқар). Барлық монета елдің табиғи байлығын айшықтайтын бірыңғай стильде орындалған.

Монеталар нибрасс/нейзильбер қоспасынан соғылған, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы – 100 теңгелік, салмағы – 6,45 грамм, диаметрі – 24,5 мм, әр түрінен 3 000 000 (үш миллион) дана, жалпы таралымы – 15 000 000 (он бес миллион) дана.

Монеталар Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы монеталармен қатар еркін айналымға арналған және екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақша айналымына шығарылады.

Монеталар елдің бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу