Киіктер кеміп барады. Жыл басынан бері ақбөкендерді атқандарға қатысты 28 қылмыстық іс қозғалған. Броконьерлердің басым бөлігі - бұл жануарды мүйізі үшін аулайтын көрінеді. Өйткені, Алматының өзінде оларға деген сұраныс көп, деп хабарлайды almaty.tv.
Бейресми деректер бойынша, мүйіздердің бір келісі 40 мың теңгеден сатылады. Ал, Алматыда олардың құны 200 мың теңгеге дейін бағаланады екен. Қазір Алматыда киік мүйізін аламын деп жарнама тақтайшаларына хабарландыру ілетіндер көбейіп кеткен.
Ал браконьерлердің дені айыппұл төлеп, сытылып кетеді. Мәселен, киіктердің ұрғашысын атқандарға 150, ал текесіне қару кезенгендер 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ғана ақы төлейді.
"Күндіз-түнгі күзет қызметтерінің арқасында саны өсіп келе жатыр. Бетбақдала қауымдастығында 2015 жылы жаппай қырылу болды. 2016 мен 2017 жылғы есепте 30 мыңнан 51 мыңға көбейді. Жыл сайын Бетпақ дала мен Орал қауымдастығы 20 мыңға өседі",- деді "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК есеп бөлімінің қызметкері, Рамазан Бақтияр.
Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін бір келісін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Әйтсе де, оңай олжа тапқысы келетіндердің қаптап кетуі оның құнын да қалаған кезінде күрт түсіріп жібере салады. Сатып аламын деген жарнаманы жаппай жабыстыратындар үнемі телефон нөмірлерін ауыстырып ұстатпаудың амалын жасайды.
"Ақбөкеннің негізгі өмір сүретін ортасы ол Қазақстан. Сондықтан, оны сақтап қалу мәселесі біз үшін өте маңызды. Енді он кәсіп ретінде қыратын болса онда түкте қалмайды. Ол өте әлжуаз. Былтыр 100 мыңдап қырылып қалды. Бір жерден су шықпай бір жерден шөп шықпай қыры өртеніп кетсе ақбөкен өле салады",- деді Қоғам белсендісі, Дәурен Бабамұратов.