Ақбөкен мүйіздерін сатқан браконьер ұсталды

792

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында ақбөкеннің мүйіздерін заңсыз сатқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Ақбөкен мүйіздерін сатқан браконьер ұсталды

Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлеріне белгісіз біреулердің "Қызыл кітапқа" енген ақбөкен жануарының мүйізін заңсыз сатумен айналысып жатқаны жайлы шұғыл ақпарат түседі.

Аталған жайтты сарыағаштық полицейлер ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Сарыағаш АПБ мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар браконьерді ұстады.

Сондай-ақ күдікті азаматтың үйінен айғақты зат ретінде 35 келі болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі бес миллион теңгеге жуық.

Белгілі болғандай күдіктінің Қарағанды облысының жергілікті тұрғыны екені анықталды. Бүгінгі таңда күдікті азамат Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу