БҚО-да ақбөкендер қырылып жатыр, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтемемен sputniknews.kz.
Осыған байланысты облыстың орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қатешев түсініктеме берді.
"Күн күрт жылынып, қайта аяз түскен кезде, мұз қатып, жас ақбөкендер қар астынан қорегін қазып ала алмайды. Соның салдарынан екі күн ішінде жеті бас ақбөкен өлген", - дейді ол.
Орманшылар жануарларға шөп беріп көргенімен, ақбөкендер жақындамайды екен.
"Қамысқа қарай бастайтын соқпақ салынды, әлі құрып ашыққан ақбөкендер жайылымдарға жетіп, сол жерден қоректеніп жүр", — дейді инспекция басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу