Акция басталғалы 47 мың атыс қаруы қабылданған

1209

Акция басталғалы 47 мың атыс қаруы қабылданған

ШҚО тұрғындары үйлерінде сақталып келген атыс қаруларын өз еріктерімен тапсырып жатыр, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

2018 жылдың он айының қорытындысы бойынша атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар саны 19,7 пайызға азайған. Ал республикада халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясының нәтижесінде тұрғындар 2,4 мың дана отты қаруды өз еркімен тапсырған екен.

Өз еркімен заңсыз сақталған суық қаруларды полицияға тапсыру жөнінен өңірлер арасында Шығыс Қазақстан алдынғы орында.

Акция 10 сәуірден бастап жүргізіліп келеді, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 125 млн теңге бөлінді. Іс-шара барысында ішкі істер органдарына бір мың жеті жүз адам хабарласып, өз еріктерімен 2,4 мың қаруды өткізіп кетті. Сондай-ақ, 35 мың данадан аса патрон қабылданып алынды, – дейді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында.

Оның берген ақпаратына сүйенсек, тұрғындардан қару сатып алу іс-шарасы 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы кезең аралығында халықтан 47 мың дана атыс қаруы және иір ойықты мылтыққа арналған бір млн дана оқ сатып алынған. Бұған 1,5 млрд теңге қаржы жұмсалған.

Атап өтерлігі, аталған акция алдағы үш жыл көлемінде жалғасады. Акцияның басталуы БАҚ-та жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу