Әлеуметтік желінің "құдыреті" шексіз ғой. Желіде әке мен баланың алғаш мектепке бара жатқандағы сәт пен 10 жалдан кейінгі түсірілген бейнежазбасы жұрттың жүрегін мейірімге бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Видеода "Әке, мен үлкен болдым ба" деп қолына гүл алып, алғаш мектепке бара жатқан бала араға 10 жыл салып, дәл солай әкесімен әңгімелесіп бара жатқаны түсірілген.
Мұнда ол әкесінің қойған сұрақтарына жауап беріп, “мектебі қайда екенін, қай сыныпқа бара жатқанын” білмейтінін айтады. Және әкесінен “әке, мен үлкен болып кеттім бе?” деп сұрайды. Әкесі де оған “иә” деп жауап береді.
– Балам қайда барасың?
– Сабаққа…
– Нешінші сынып?
– 11-сынып, әке мен үлкен болып кеттім бе?
– Иәә үлкен болдың, – делінген әкесі мен баласының диалогында.
Желі қолданушылар әке мен баланың ыстық мейіріміне риза болып, пікір қалдырып жатыр.