18 ақпаннан бастап "Қазақстан" РТРК" АҚ-ның тапсырысы бойынша түсірілген "Әке" телехикаясы Беларусь Республикасының "+ТВ" телеарнасы эфиріне шыға бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат телекорпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Әке" телехикаясы бұл - басты кейіпкер мен балаларының басынан кешкен оқиғалар желісін сипаттайтын отбасылық драма.
Айта кету керек, "+ТВ" Беларусь Республикасында ерекше қарқын алып келе жатқан телеарна. Телеарна эфирі елдің ірі кабельді операторлар желісі арқылы таратылады. Негізгі аудиториясы 3 000 000 көрерменнен асатын телеарна аптасына 7 күн, 24 сағат бойы хабар таратады. "+ТВ" телеарнасы үшін "Әке" туындысы қазақ медиаөнімі бойынша алғашқы тәжірибе.