Әкелі-балалы Матаевтар ақталды

583

Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы бойынша Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты қылмыстық істі қарады.

Әкелі-балалы Матаевтар ақталды

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін, 19 шілдеде наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды.

Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz BAQ.kz-ға сілтеме жасап.

Айта кетейік, Сейтқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталды. Сейітқазы Матаев дүние-мүлкін кәмпескелеумен және өмір бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен қоса 6 жылға, Әсет Матаев жеке дүние-мүлкін кәмпескелеумен қоса 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу