Әкелі-балалы павлодарлықтар Ертіске батып кетті

1010

Әзірше тек баланың ғана денесі табылды.

Әкелі-балалы павлодарлықтар Ертіске батып кетті

1 тамыз күні Ертіс өзенінің Сынтас ауылынан бес шақырым жердегі жағалауында отбасымен бірге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті. Жергілікті тұрғындар 1998 жылы туған баланың денесін судан алып шықты. Әкесінің денесі әлі табылған жоқ. Оқиға орнына келген Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 1973 жылы туған отағасын іздеуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің №8 қаулысының 10-шы тармағына сәйкес, өңірдің қоғамдық жағажайларының қызметіне тыйым салынған болатын. Соған қарамастан, өзен жағалағандардың қатары қалың. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде рейдтер жүргізеді.

18 мамырдан бері департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп барлығы 1682 рейд өткізген. Рейд барысында олар шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері жазылған 12 мыңнан астам жадынама таратқан. ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің 440-бабы бойынша 29 адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 225 адам 364-бапты бұзып, тыйым салынған жерлерде шомылған.

Фархат Әміренов

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу