"Әкем қайда?": Майқайыңдағылар жақындарын іздеу жұмыстарын жалғастыруды сұрайды

921

Қайғылы оқиғадан кейін екі ай өтсе де, шахтаның екі қызметкері сол күйі табылмады.

"Әкем қайда?": Майқайыңдағылар жақындарын іздеу жұмыстарын жалғастыруды сұрайды Фото: видеодан алынған кадр

Жоғалып кеткен құтқарушылардың туыстары Павлодар облысындағы "Майқайың-алтын" кен аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты іздеуді жалғастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиғадан кейін екі ай өтсе де, шахтаның екі қызметкері сол күйі табылмады. Туыстары бос үмітпен өмір сүруден шаршаған. Алайда оқыс оқиға болған кәсіпорын басшылығы ешнәрсе айта алмай отыр. 

Жоғалған құтқарушылардың туыстары "Майқайың-алтын" шахтасына күн сайын жұмысқа барғандай барады. Кеншілердің кенже балалары әкелерін іздеп сұрайды екен. Ал үлкендері жағдайдың қалай болғанын біліп отыр. Тек әкелерінің денесін тауып берсін дейді. Сондықтан олар әрдайым шахтаға барып, іздеудің жалғасқан-жалғаспағанын тексереді.

Жоғалып кеткен кенші Айдос Шаймерденнің әкесі Әлібай Кайкин ұлының жоғалғанына 2 ай болғанын айтты.

"Ұлымның бес баласы бар. Үлкендері жағдайдың қалай болғанынан хабардар. Ал кішілері “әкем қайда?” деп іздейді. Ол қайтыс болды немесе жұмыстан келеді деп айта алмаймыз. Міне, бізде осындай өкініш бар", – деді кеншінің әкесі Әлібай Кайкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу