Әкемтеатрдың репертуары жаңа бір туындымен толықты

532

Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жаңа премьераның тұсауы кесілді.  

Әкемтеатрдың репертуары жаңа бір туындымен толықты Фото: aikyn.kz

Көрнекті француз жазушы-драматургы Флориан Зеллердің шығармасының желісімен қазақ сахнасына лайықталып жазылған пьеса бойынша қойылған "Жан әке" спектакльі қойылды, деп жазады inbusiness.kz "Айқын" газетіне сілтеме жасап.

Француздық дрматаургтің шыңғармасын қазақ тілінде сахналаған қоюшы режиссері Асыл Құдайберген, Шығарманы тәржімалаған Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов. Басты рольді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдайды.

Бас кейіпкер - Ақсақал. Өмірдің қызық-қиындығын бірге өткерген аяулы жары Әппақ бақилық болып кетіп, сексенге тақаған жасында жалғыз қалады.

Құдай берген қос қызының бірі шетелдікке тұрмысқа шығып кетуі де бас кейіпкердің қйғысына қайғы жамай түседі. Ұлттық ұстындардан ажырай бастаған ұрпақты, қазағының болашағын ойлайтын Ақсақалға бұл өт ауыр тиеді.

Жасы келіп, күш-қуат азайып, жады тозған әкені өзінше өбектейтін үлкен қызы Айжан ғана. Бірақ, оның да бір ішкі есебі болады. Екінші жағынан жігіті Қабыл мен әкесінің ортасында шешім шығара алмай қалған Айжанның болмысын режиссер сахнада анық аша алады. Қарияның баспанасын иемденіп алғысы келген күйеу баланың да өз есебі бар. Екі оттың ортасында қалғандай күй кешкен үлкен қызы Айжан ақыр соңында күйеуінің арбауына сеніп, әкесін қарттар үйіне өткізіп тынады.

Қойылым соңында бір кезде өзіне күтуші болып істеген жалғыз басы әйел ақасақалды ол жерден шығарып алып, ауылға алып кетеді. Драма осы жерге келгенде шырқау шегіне жетеді.

Психологиялық тұрғыдан күрделі қойылымда шын өмір мен бас кейіпкер қиялындағының аражігін ажырату оңай емес. Әртүрлі жағдайларда ойналатын диалогтарда қарама-қайшы көзқарастар шиеленісе түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу