Әкемтеатрға жаңа басшы тағайындалды

586

Әкемтеатрға жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен танымал қазақстандық режиссер Асхат Маемиров "М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Асхат Маемиров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhD), "Болашақ" президент стипендиясының иегері. "Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын" драма театр режиссері мамандығы бойынша аяқтаған. 2008 жылы Францияның танымал Université Sorbonne Nouvelle Paris 3 университетінде білім алып, Драма өнерінің Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен болатын. 2010 жылы Ресей театр өнер академиясында (ГИТИС) театр өнері магистрі дәрежесін қорғады.

Белгілі қазақстандық режиссер Қазақстанның театр өнерін бірнеше рет халықаралық сахналарда таныстырды. Австрия, Бельгия, Германия, Израиль, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Армения, Грузия, Польша, Чехия және т.б. мемлекеттерде өткізілген театр фестивальдерінде, симпозиумдар мен форумдарға қатысты.

Отандық мәдениеттің қазіргі заманғы үздік арт-менеджерлері қатарына кіреді. Еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы белгілі ұйымдар – "Қазақстанның рухани қоры" АҚ, "Қазақ әуендері" АҚ жетекшілік етті. 2017 жылы қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымдардың бірі – "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымын басқарды. Елордалық "Астана мюзикл" театрының көркемдік жетекшісі және Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу