Әкесі қайтыс болып, қызы жансақтау бөліміне түсті

2008

Алакөлде қайғылы жағдай орын алды. Қыз бала өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Әкесі қайтыс болып, қызы жансақтау бөліміне түсті

"Үржар аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", – деп нақтылады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, гидроцикл иесі, Үржар ауданының 31 жастағы тұрғыны да Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуден өтіп жатыр. 

Қайғылы оқиғаға Түркістан облысының 27 жасар тұрғыны себепші болған. Ол гидроциклге ие бола алмай, Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны мен оның қызын соққан. Салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болып, 11 жасар қыз бала түрлі дене жарақатымен жансақтау бөліміне түскен. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу