Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Күдікті азамат қамауға алынды. Сонымен қатар келінге қатысты да қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Балалары туыстарының қарауында", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, тергеу барысы бақылауға алынды. Іс тергеліп біткен соң сотқа жіберіледі.
Айта кету керек, бұған дейін Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу