Полицияға 60 жастағы ер адам арызданған. Ол бір апта ішінде қызы ұялы телефондағы банктің мобильдi қосымшаcының көмегімен жеке есепшотынан өзіне 600 000 теңгеден астам ақша аударғанын хабарлады.
Полицейлер іздестіру барысында 34 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің қызы болып шықты. Әкесінің ақшасын ұрлаған әйел өз кінәсін мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нiң 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу