Ақтөбелік тұрғын әкесінің айлығын құмар ойыннан жеңіліп, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция бөліміне өз үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған. Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған.
Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған. Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін бұл ставкаларға ұласқан. Құмар ойындарда үлкен ақшаны жоғалтқаннан кейін арты осындай қайғылы жағдайға алып келген.