"Әкесінің қылығына қызы жауап бермейді": Депутаттығынан айрылған Асқар Садық танымал әншінің әкесі болып шықты

787

Бірнеше рет харассмент жасап, мандатынан айырылған экс депутат Асқар Садықов әнші Dequine-нің әкесі болып шықты. 

"Әкесінің қылығына қызы жауап бермейді": Депутаттығынан айрылған Асқар Садық танымал әншінің әкесі болып шықты Фото: inbusiness.kz

Өнер иесі алғаш рет әкесінің депутат екенін жариялаған еді. Одан кейін әнші төрт жыл бұрын өнердегі әріптестері харассмент сипаттағы қылық көрсетті деп айыптаған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматылық екі рэпер Кисло-Сладки мен Бона жыныстық қарым-қатынасқа итермелейтін әрекет жасаған. Олар әншінің кеудесінен ұстап алып, бөксесіне қол жүгірткен.

“Неліктен қыздар “Бәрін ұмыта сал” дегенге көну керек. Біреу оның денесіне қол тигізсе күлкіге қалады. Денеме рұқсатсыз қолын тигізген адам үшін мен неге ұялуым керек. Мен үш рет танымал рэперлерден жапа шектім. Үш рет оларды жазасыз қалдырды. Бұдан кейін үнсіз қала алмаймын”, – деген еді Данеля Садықова.

Қызының харассментке ұшырағанын біле тұра, өзі де сондай сипаттағы қылық көрсеткен экс-депутатты желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Арасында өнер иесін қолдап шыққандар да кездесті.

“Бала ата-ананың әрекетіне жауап бермейді”, “Өмір – бумеранг деген осы”, “Қызы мен анасы адамды адам құрлы көрмейтін еді. Мейрамханада менсінбей жүретін”, “Әкесінің абыройынан айырылғаны жақсы болды. Өте нашар кісі еді”, “Қызы еліне ренжіп, Ресейге көшіп кетті”, “Данеля, сен мықтысың”, “Әнші қызды қолдайтындар біргеміз”, – деп жазды көпшілік.

Еске сала кетсек, харассмент жасағаны үшін партиядан шығарылып, депутат мәртебесінен айырылған Асқар Садықов мәлімдеме жасап, Азат Перуашевтің сөздерін жоққа шығарған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу