Ақтөбенің Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов танымал айтыскер ақынды жеке қабылдады. Кездесу барысында аудан басшысы Ершат Қайболдин үйленген жағдайда жергілікті азаматтармен ұйымдасып, үй алып беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Aktobenews. Kz.
Талай әнге сөз жазып, айтыс өнерінің биігінен көрініп жүрген Ершаттың алдағы уақытта жеке шығармашылық кеші өтеді. Сонымен қатар, жинақ кітабы да жарыққа шығады.
"Осыдан екі жыл бұрын ауданда әлеуметтік сала бойынша әкімнің орынбасары болып қызмет атқардым. Сол кезеңде қолдау білдіріп, жеке кешін ұйымдастырдық. Кеше кездесу барысында аңғарғаным – бір кітап шығатындай өлеңдері жинақталыпты. Биылғы Жастар жылына байланысты Ершаттың өлеңдерін әнге қосқан танымал эстрада жұлдыздарының басын қосып, бір үлкен шығармашылық кеш өткіземіз. Сол сәтке дейін кітабын басып шығарып, кеш барысында тұсауын кесеміз", – дейді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов.
Ауданда Ершаттың басқаруымен ақындар мектебі жұмыс жасайтын болады.
"Ақынымыз аудандық музейде жұмыс істейді. Қосымша ақпан айынан бастап мәдениет үйінде ашылып жатқан жас айтыскерлер мектебінде шәкірт тәрбиелейтін болады. Үйленіп жатса азаматтармен ұйымдасып, пәтер сыйлауды уәде еттім", – дейді аудан әкімі.