Қостанай облысының шенділері Арқалық жылу электр орталығына қатысты ақпаратты жоққа шығарды. "7,4 млрд теңге жұмсалған нысан екі жыл қатарынан үздіксіз қызмет етіп келеді" дейді олар.
Әйтсе де, жоба бойынша кемшілік барын жасырмады. Олқылықтарды мердігер компания дер кезінде жойған көрінеді. Ал дәл қазір қалған тиісті жөндеулер атқарылып жатыр. Жұмыс 1 қарашада аяқталады. Әкімдіктегілер көмірмен жылитын жаңа электр орталығы, отынға кететін шығын көлемін бірнеше есе азайтты деп отыр.
Еске салсақ, кешегі Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова, Арқалықтағы жылу электр орталығы тек қағаз жүзінде ғана пайдалануға берілгенін мәлімдеді. Заң бұзушылық жүргізілген аудит кезінде анықталды деген еді.