Әкім Елдос Сметов пен жаттықтырушысына ақшалай сертификат табыстады

1713

Өңір басшысы спортшыны және оның жаттықтырушысын жуырда жеткен жеңісімен құттықтап, оларға 500 мың және 300 мың теңге ақшалай сертификаттар табыс етті.

Әкім Елдос Сметов пен жаттықтырушысына ақшалай сертификат табыстады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Рио-де-Жанейро-2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен спортшының жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевпен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік,  биылғы ақпан айында Елдос Сметов Парижде өткен Grand Slam халықаралық турнирінде қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

"Сіз спорттық аренада еліміздің намысын абыройлы қорғап жүрсіз. Айтулы халықаралық жарыстардың чемпионы және жүлдегері, Олимпиаданың күміс жүлдегері  атандыңыз. Өз табандылығыңыз бен дарындылығыңыздың арқасында байрақты бәсекелелерде әлем алдында еліміздің даңқын асыра білдіңіз. Біз сізді мақтан тұтамыз. Біздің спортшылардың жетістіктері жас ұрпақтың саламатты өмір салтын  ұстануға зор серпін беруде",– деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы спортшыны және оның жаттықтырушысын жуырда жеткен жеңісімен құттықтап, оларға 500 мың және 300 мың теңге ақшалай сертификаттар табыс етті.

Өз кезегінде Елдос Сметов алдағы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу