Әкім кәсіпкерлерді мүмкіндігі шектеулі балалармен айналысатын ұйымдарды қолдауға шақырды

903

Бақыт Сұлтанов тұрғындармен есеп беру кездесуінде мүгедек балаларды білім берумен қамтамасыз ету бойынша әкімдік қабылдаған шараларға ерекше тоқталды.

Әкім кәсіпкерлерді мүмкіндігі шектеулі балалармен айналысатын ұйымдарды қолдауға шақырды

Астана әкімі бизнесмендерді мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіп жүрген коммерциялық емес ұйымдарға қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бақыт Сұлтанов тұрғындармен есеп беру кездесуінде мүгедек балаларды білім берумен қамтамасыз ету бойынша әкімдік қабылдаған шараларға ерекше тоқталды.

"Бұл – батыр балалар. Біз мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыларды жиі кездестіреміз. Массаж кушеткасының бірнеше сантиметрін бағындырған балалары үшін ата-аналары қалай қуанатынын көрсеңіздер ғой. Балалары да әрі қарай жұмыс істеуге және дамуға дайындығын айтады. Мен Астананың барлық кәсіпкерлерін осы салада жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға шақырамын", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қазіргі уақытта Астанада 80% мүгедек бала немесе 6 мың осындай біліммен қамтылған. Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін 77 мектепте, 13 балабақшада, төрт колледжде жағдай жасалған.

Сонымен қатар, қала әкімі педагогтарды қолдау шаралары туралы айтты.

Биыл оларға тағы 1 мың тұрғын үй сертификаты беріледі, 300 орындық жатақхананың құрылысы аяқталуда, педагогтардың еңбекақысы мен мәртебесін жүйелі түрде арттыруға шешім қабылданды. МЖӘ тетіктері арқылы жан басына қаржыландыруды енгізудің арқасында әкімшілікте қаражатты босату және оларды мұғалімдердің жалақысына жіберу мүмкіндігі пайда болды. Бұл сондай-ақ, білім беру саласына жеке бизнес пен жекеменшік мектептерді тартуға мүмкіндік береді.

"Балалардың қауіпсіздігі маңызды міндет болып табылады. Биылғы жылдың соңына дейін біз оқу орындарын, соның ішінде, ондағы асханаларды бейнебақылау камераларымен, 100 пайыз қамтамасыз етеміз", – деді Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу