Әкім мен орынбасар сыбайлас па?

350

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінді.

Әкім мен орынбасар сыбайлас па? Фото: Ашық дереккөзден

Антикор таратқан ақпаратта оның мемлекетке айтарлықтай шығын келтіргені жазылған, бірақ нақты сомасы көрсетілмеген. Тіпті, шенеунік кінәсін мойындап та үлгеріпті, сондықтан қамауға алынбаған.

Көпшілікті Шөкеевтің соңынан күні кеше ғана орынбасары жемқорлық бойынша істі болған Шымент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев жалғай ма, жоқ па деген сұрақ мазалайды. Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов "заң бәріне бірдей болу керек, сондықтан күдікке ілінген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Балтаевтың кінәсі дәлелденсе облыс әкімі заңға сай әрекет ету керек" деген пікірде.

Қазақстанда жыл сайын жемқорлық тыйылмай тұр. 2020 жылы 639 жемқорлық әрекеті анықталса, өткен жылы парақорлық 774-ке дейін ұлғайған. Биылғы сан әзірге белгісіз. Саясаткер Әміржан Қосанов елдегі сыбайласқан жемқорлықтың көзін жою үшін оппозиция, тәуелсіз Парламент пен тәуелсіз ақпарат құралдары керек дейді. Өйткені, қарға қарғаның көзін шұқымайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу