Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев І топтың мүгедегі Дәурен Алқановтың өтініші бойынша, үйіне дейінгі жолға асфальт төсеп беруге уәде етті. Бұл туралы Дәурен Алқанов Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Богдан Хмельницкийдің үйіне барар жолмен автокөлік те жүре алмайды, ал мүгедектер арбасын айдау тіпті қиын. "Әкім менің өтінішімді жерде қалдырмады, бүгін келіп мәселені шешуге уәде берді. Қала басшылығының қарапайым тұрғындардың мәселесіне құлақ асқаны, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың сөзіне немқұрайлы болмағаны қуантады. Сол билікке сөзіңді жеткізу кейде тым қиын", - деп жазды ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу