Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы аптадағы жемқорлық істердің бір парасымен таныстырды. Агенттіктің 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылдық округі әкімдігінің бұрынғы бас мамандарымен бірге жерді заңсыз сатты деген айып тағылып отыр.
"Олар 2015-2019 жылдар аралығында Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімінің басшылығымен Талғар ауданының Қызылту елді мекені мен Алматы қаласы әуежайының маңына кіретін мемлекеттік қордағы жерді алдын ала заңсыз алып қойып, кейін ауданы 12, 733 гектар болатын 191 жер учаскесін үй салушыларға сатқан. Осы арқылы мемлекет қорғайтын мүддеге ауыр зиян келтірген. Тергеу жалғасуда. Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады", – деді Данияр Биғайдаров.
Есжан Ботақара
(шартты сурет)