Әкім орынбасары сотталды

554

Алаяқтық іс-әрекетке барды деп айып тағылған Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің орынбасарына қатысты сот үкім шығарды.  

Әкім орынбасары сотталды Фото: Vlast.kz

Сот барысында аудан әкімінің орынбасары өз айыбын мойындауға қатысты прокурормен процессуалдық шешім қабылдауға келіскен. Сол себепті сот істі қысқа мерзімде қараған.

Еске сала кетсек, ақпанда Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің орынбасары мен бөлім бастығы қамауға алынған болатын. Әкім орынбасары кәсіпкерден 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген еді. Бөлім бастығы әкім орынбасарының тапсырмасымен кәсіпкерден ақшаны алып келген. Бұл қылмыстық істі Октябрь аудандық соты қарады.

Сот аудан әкімінің орынбасарын алаяқтық ісі бойынша кінәлі деп тауып, жаза ретінде төрт миллион теңге айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу