Белгілі мобилограф Қыран Талапбек өзінің екінші рет үйленгелі жатқандығын жуырда медиаға берген сұқбатында хабарлаған болатын. Бұл жолы ол өз өмірін Алматы облысы әкімінің экс-бірінші орынбасары болған Тұрлашовтың қызымен байланыстырмақ.
Қыран Талапбек бұған дейін белгілі актриса Жанар Айжанованың қызымен шаңырақ көтергені белгілі. Ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылар ұлды болған. Ал Тұрлашовтың қызы бұрын Алматыдағы ірі кәсіпкерінің бірінің ұлымен некеде болғандығы айтылады.
Сонымен Ләззат Тұрлашов кім?
Ләззат Тұралашов – Алматы облысы мәслихатының депутаты. 2016 жылдан бастап 2023 жылдың наурыз айына дейін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Осы жылдары Алматы облысының Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі болды. 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс салдарын жоюға қатысты.
Айта кетейік, шенеунік қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алып, наразылық білдірушілер әкім орынбасарын соққыға жыққан.
Басты рөлді жерге айырбастау
Қыран Талапбектің болашақ жары Баян Алагөзовамен жанжалдасып үлгерген. 2018 жылы қазақстандық заңгер Айгүл Орынбектің жазуынша, продюсер Баян Алагөзова жер телімін алу үшін Алматы облысы әкімінің орынбасарының қызы Гүлзада Тұрлашқа "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" сериалында басты рөлді берген. Сонымен қатар, адвокат өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Баян Мақсатқызы облыста жоғары лауазымды қызмет атқаратын Гүлзада Тұрлаштың әкесінен 800 гектар жерді сыйға алғанын хабарлайды.
Автордың айтуынша, Алматы облысының аумағында орналасқан жер телімі Алагөзованың әпкесі Бағым Мұхитденованың атына тіркелген.