Әкім пара алғаны үшін 6,2 миллион теңге айыппұл төлейді

1383

 Әкім пара алғаны үшін 6,2 миллион теңге айыппұл төлейді

Атырау облысының Ақсай ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін 6,2 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ақсай ауылдық округінің әкімі Д.Досқалиевке қатысты жеке кәсіпкерден Ақсай кентінде тұрғын үй салуға жер телімін алуға рұқсат беретін құжатқа қол қою үшін 185 мың теңге көлемінде пара алу бойынша соталды тергеу аяқталды. Атырау қалалық сотының үкімімен Д.Досқалиев 6,2 млн айыппұл төлейді, өмір бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылды және  заңсыз жолмен тапқан мүлкі тәркіленеді", деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу