Әкім сайлауы басталмай жатып шу шықты

507

Республика партиясының Павлодар облыстық филиалы Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сотқа берді.

Әкім сайлауы басталмай жатып шу шықты Фото: Ашық дереккөз

Павлодар облысында аудан әкімі сайлауына үміткерлікке өтпей қалған азамат ел Президентіне үндеу жасады. Ол әділеттіліктің орнап заңды құқығының қорғалуын сұрайды. 

44 жастағы Палина Лампартер ұзақ жылдар бойы Железин ауданында мемлекеттік қызметте істеді. Нұр-Отан, кейін Аманат партиясының белсенді мүшесі болған Лампартер, осы жылдың 19-шы қаңтарына дейін аудандық мәслихат төрағасы қызметін атқарды. Өткен қыркүйек айында Аманат партиясынан шығып, Республикаға мүше болды. Железин ауданы әкімі сайлауына осы партия атынан ұсынылған.

"Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Мен Палина Лампартер сізден әділеттілік пен заңды құқымның қорғалуын сұрап үндеу жасаймын. 9-қазан күні маған Железин ауданы әкімі сайлауына кандидат деген куәлік берілді. Ал, кеше кешкісін мені шақырып алып құжат талапқа сай емес, деген хаттамамен таныстырды. Осыған назар аударып мәселеге мән беріп қарауыңызды сұраймын", – дейді Железин ауданының тұрғыны Палина Лампартер.   

Белгілі болғандай Республика партиясының Павлодар облыстық филиалы Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сотқа берді. Бесінші қарашада Павлодар облысында үш ауданда әкім сайлауы өтеді. Кандидаттыққа 19 адам ұсынылған. Бүгінгі күні аумақтық сайлау комиссиясының тіркеуінен өткендері он үміткер. Үшеуі Аманат партиясынан, біреуі Ақжолдан, қалғандары өзін-өзі ұсынушылар. Железин ауданында төрт, Ақтоғай мен Шарбақты аудандарында үш кандидаттан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу