Әкім стипендиясын алуға өтінімдер қабылдау басталады

1291

 Әкім стипендиясын алуға өтінімдер қабылдау  басталады

2017 жылы Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендияларын қаржыландыру көлемі 87 млн теңгені құрады, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеп strategy2050.kz.

Облыста 192 стипендия иегері бар. Стипендия тағайындау туралы шешімді облыс әкімінің төрағалығымен құрылған комиссия қабылдайды. 2017-2018 жылдарға өтінімдерді қабылдау 1 тамыздан 1 қыркүйекке дейін өтеді. 

Стипендияны төрт санат бойынша іріктейді. Бірінші санатқа Ақмола облысындағы кадрлар резервін құрайтын мамандықтарда білім алатын студенттер кіреді. Екінші санатты - халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын, үлгерімі жақсы және өте жақсы студенттер құрайды. Үшінші санатқа жастар ұйымдарының мүшелері мен белсенділері, үлгерімі жақсы және өте жақсы студенттер кіреді. Төртінші санатта - мәдениет және өнер, спорт салаларында жоғары жетістіктерге жеткен студенттер. 

Ақмола облысындағы кадрлар резервін құрайтын мамандықтар бойынша білім алушы стипендия иегерлері үшін атаулы стипендия берілгеннен кейін шарт жасасу көзделген, оларға сәйкес стипендия иегері оқуды аяқтағаннан кейін облыс аумағында 3 жыл жұмыс істеуге тиіс болады. Қазіргі уақытта 61 студентпен шарт жасалған, олардың 39-ы медициналық мамандықтар бойынша. 

Бүгінгі күні стипендия мөлшері медициналық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, бір студентке жылына 250 000 теңгені құрайды. Болашақ медицина қызметкерлері жылына 700 000 теңге алады.

Еске сала кетейік, 2011 жылдан бастап Ақмола облысында жастарды талап етілетін мамандықтарға оқуға тарту, жастарды қолдау мақсатында Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиялары берілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу