Президент айтты, бітті! Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіден қашпаңдар дегені сол екен, өңір басшылары шетінен әлеуметтік желілерге қосылып, жеке парақшаларын ашып жатыр. Бүгін фейсбуктен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевжеке парақшасын ашса, твиттерге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов тіркелді. Мұны, әрине, желі тұрақты қолданушылары да, блогерлер де құп көруде. Бірақ әзірге, шенеунік аккаунттарының қаншалықты белсенді болары белгісіз.
Сонымен, бір күнде қай әкім қанша лайк жинады, тілшіміз Құралай Пионер барлап көрді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу