Әкімдер ауысты

1402

Әкімдер ауысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Түймебаев Сайрам  ауданының активіне  және Ордабасы  ауданының активіне  ҚР президенті әкімшілігі  мен аудандық мәслихаттың келісімімен  тағайындалған жаңа əкімді таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі..

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің өкімімен Сайрам ауданының әкімі болып Бақтияр Сапарәліұлы Мамаев, ал Ордабасы ауданының әкімі болып Рашид Үсіпханұлы Қайыпжанов  тағайындалды.

Жаңа басшыларды таныстыруда өңір басшысы лауазым иелерінің жұмысына табыс тілеп, Ордабасы мен Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруде елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындап, сенім үдесінен шығуды тапсырды. Сонымен бірге, қос әкімге аудан экономикасын дамытуда  инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды жүктеді.  Өңір басшысы Ордабасы ауданның дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Алмасбек Мамытбеков пен Сайрам ауданын басқарған бұрынғы әкім Самат Сапарбаевқа алғысын білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу