Әкімдер Макаров тапаншасынан оқ атудан жарысты

957

Әкімдер Макаров тапаншасынан оқ атудан жарысты

Өңірлер мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің дала жиындарында Макаров тапаншасынан оқ атудан бірінші орынды Павлодар облысының әкімі иеленді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Әкімдердің жиыны Жамбыл облысының "Отар" әскери базасында өтті. ҚР қорғаныс министрлігі сайтының хабарлауынша, 40-шы оқу полигонында аймақтардан келген  және Астана, Алматы қалаларының басшылары атқыш қаруы мен әскери машиналардан оқ атқан. Нәтижесінде Павлодар облысының әкіміне Макаров тапаншасынан оқ ату бойынша бірінші орын алғаны үшін грамота мен "Мерген"  ескерткіші сыйға тартылды.

"Отар" базасында өтіп жатқан шеру барысында облыстар мен қалалардың әкімдеріне 2015 жылы 25 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған аумақтық қорғаныс бригадаларының әскери белгілері табыс етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу