Әкімдер өңірлерді цифрландыруға жеткілікті көңіл бөлмей отыр – Олжас Бектенов

166

Өңірлік хабтарға қаржылық қолдау көрсету өте маңызды мәселеге айналды.  

Әкімдер өңірлерді цифрландыруға жеткілікті көңіл бөлмей отыр – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында аймақтардағы цифрлық инфрақұрылым жеткілікті деңгейге емес екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өңірлерде цифрлық инфрақұрылым толық қамтамасыз етілмеген. Әкімдіктер бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмей келеді. Өңірлік хабтарға қаржылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсету өте маңызды. Цифрлық даму министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірге Астана-хабты дамыту, өңірлік хабтарды қолдау және IT-салада экспортқа бағдарланған бағыттарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Екіншіден. IT-саланың жоғары білікті мамандарын даярлау – басым міндет",  – деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Астана-хабта үздік халықаралық тәжірибе ескеріліп, қажетті жағдайлар жасалғанын айтты. 

"Жаңадан құрылатын Жасанды интеллект орталығы жас таланттарды тарту нүктесіне айналуға тиіс. Үшіншіден, біз венчурлік экожүйені дамытып жатырмыз. Цифрлық даму министрлігі тиісті қор құру мәселелерін талқылау үшін венчурлік нарық өкілдерімен үкіметтік деңгейдекездесу ұйымдастыруы қажет", – деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу