Әкімдердің атынан жалған хабарлама жіберетіндер көбейіп барады

410

Алаяқтар БҚО әкімінің атынан жалған хабар таратқан. 

Әкімдердің атынан жалған хабарлама жіберетіндер көбейіп барады Фото: freepik

WhatsApp қосымшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан жалған хабарлама таралуда. Алаяқтар өңір басшысына тиесілі емес нөмірді көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде белгісіз біреулер WhatsApp мессенджерінде облыс әкімінің атынан тұрғындарға хабарлама таратуда.

"Аталған хабарламалардың жалған екендігін мәлімдейміз. Облыс әкіміне тиесілі ондай нөмір жоқ. Аталған хабарламаларға сенбеу және күдікті сілтемелерге өтпеу керектігін еске саламыз", деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу