Әкімдердің жұмысы жаңаша бағаланады

845

Алдағы уақытта әкімдер де жұмыстан айырылуы мүмкін.  

Әкімдердің жұмысы жаңаша бағаланады

Қалыптасқан қиын жағдайға байланысты енді аймақтардағы атқамінерлердің қызметі  жаңаша бағаланатын болды, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Коронавирусқа қарсы шаралардың тиімділігін анықтау үшін жергілікті басшыларға тікелей қатысты қосымша 4 индикатор белгіленді. Оның ішінде дәрі-дәрмек мониторингісі де бар. Сәйкестік пе, әлде аталған жаңашылдық Алматы әкіміне жылдам жетті ме білмедік. Бірақ бүгін желіде Бақытжан Сағынтаевтің жаяу жүріп, дәріханаларды тексергені жайында бейнежазба пайда болды. Кезек күткен тұрғындармен сөйлескен әкімнің әрекетін біреулер қуана қабылдаса, енді бірі хайп деп бағалады.

Айта кету керек, өңірлердегі жалпы ахуал күн сайын 17 көрсеткіш бойынша бақыланады. Аталған индикатор бойынша Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары әзірге бірінші орында. Ал, көш соңында Атырау облысы. Аймақта 17 индикатордың 5-і ғана орындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу