"Әкімдері вертолетпен жүреді": әнші Ақтөбе өңірінің жолдарын сынады

221

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жеңіс Ысқақова Ақтөбе қаласына ән сапармен барып, жергілікті билік өкілдерін сынады. 

"Әкімдері вертолетпен жүреді": әнші Ақтөбе өңірінің жолдарын сынады Фото: kyzylorda news

Өнер иесі қаланың көркін кетірген жолдарды көрсетіп, жүру мүмкін емес екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

“Құрметті, ақтөбелік достар! Қонақжайлық пен сыйластықтарыңа рақмет! Көңілімді түсірген бір-ақ нәрсе, көшедегі жолдардың шұрық-тесігін көріп көңілім құлазып тұр. Әлемге әйгілі Ақтөбенің жолдары мұндай деп ешкім ойламаған?! Әкімдерің вертолетпен жүре ме?! Қалай ұялмайсыздар?! Қаланың ішіндегі жолдары осындай тесік болса, сырт жақтағы ауыл-аудандардың жағдайын айтпай-ақ қойған дұрыс шығар?! Ақтөбе қаласының әкімшілігі, екі күн бұрын Қызылордада болдым. Экологиялық жағдайы төмен облыстың көшелері тап-таза, жолдары тақтайдай тегіс. Сол жақтан барып, қаланы қалай әдемі етудің жолдарын үйреніп, шеберлік сағатына қатысып келіңіздер! Менің намысым келіп тұр”, – деп күйінді өнер иесі.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сүйікті әншісін қолдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу