Әкімдік Атакент маңын реновациялау жобасынан бас тартты

533

Алматыдағы Әуезов – Бұқар жырау – Манас – Ғабдуллин көшелері алаңындағы көпқабатты үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Әкімдік Атакент маңын реновациялау жобасынан бас тартты

"2022 жылдың сәуір айында Бұқар жырау – Әуезов – Ғабдуллин – Манас көшелері алаңындағы тозығы жеткен тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс жер телімдері коммуналдық меншікке алынды. Аудан тұрғындарының пікірін ескере отырып бұл ауданның аумағын одан әрі жаңарту жоспарланбайды", – деп хабарлады"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ inbusiness.kz сауалына. 

Сондай-ақ әкімдік Алматыдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді жөндеу жобасының өзгертілетінін хабарлады.

"Қазіргі таңда тұрғын үй қорын жаңартудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қоғам мен сарапшылардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Бағдарламаны өзгерту интеграцияланған қағидатты көздейді. Тұрғын үй қорын жөндеуді жоспарлау кезінде тұрғындардың келісімі бойынша қоғамдық талқылау және т.б. ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта бағдарламаның жаңа нұсқасы мемлекеттік органдармен келісілуде", – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, 2021 жылы Бұқар жырау – Әуезов – Ғабдуллина – Манас көшелеріндегі ескі үйлер (негізінен екі қабатты үйлер) бұзылып, олардың орнына көпқабатты үйлер салынады деген хабардан кейін шу шыққан болатын. Жобаның эскизі бойынша 8-ден 12 қабатқа дейін 17 үй салыну керек еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу