Әкімдік: Қант бағасы қымбаттамаса, енді арзандамайды

755

Жамбыл облысында қантты қаппен алуға тыйым салынуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Әкімдік: Қант бағасы қымбаттамаса, енді арзандамайды

Себебі құмшекер тапшылығы жергілікті билікті әбден тығырыққа тіреген. Ал осыны пайдаланып жатқан жеке дүкендер бағаны аспандатқаны белгілі.

Бастапқыда жергілікті билік қантты әлеуметтік дүкендерде келісін 240 теңгеден саудалаған болатын. Бірақ зауыттағы 1 келі өнімнің өзіндік құны 440 теңге болып, шығындандық деген әкімдік әлеуметтік дүкендердегі тәтті ұнтақ бағасын 440 теңгемен сатуға көшті. Десе де, жауаптылар қант зауыттары 124 пайызға жұмыс істеп жатқанын айтуда.

Бірақ әкімдік бағаны қанша реттеуге тырысса да, жеке сауда орындарында қазір қанттың құны 800 теңгеге жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу