Әкімдік қызметкері блок-бекетте пара алған

835

50 мың теңге үшін 3 миллионның айыппақысын арқалады.

Әкімдік қызметкері блок-бекетте пара алған

Петропавлда әкімдік өкілі "блок-бекетте пара аламын" деп опық жеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Мемлекеттік қызметкер арам ойын іске асырып жатқан жерінен ұсталған. Сөйтсе, ол көлік жүргізушісіне блокпостардан кедергісіз өтуіне рұқсат ететін құжатты бермек болыпты. Сол кезде жемқорлықпен күрес сақшылары пара алмақ болған азаматтың қулығын әшкере етті.

Бөгетсіз кіріп-шығудың құнын әкімдік қызметкері 50 мың теңгеге бағалаған көрінеді.

Жат әрекетіне қатты өкінген күдікті ақша алғанын мойындады. Мұны назарға алған сот мемлекеттік қызметшінің жазасын айыппұлмен жеңілдеткен. Осылайша, әкімдік өкілі 3 млн теңгені төлеумен құтылып кетті. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу