Әкімдік қызметкеріне берілген конверт: Пара беру дерегі расталмады

328

"Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басшысының орынбасарына қатысты тың ақпарат шықты. 

Әкімдік қызметкеріне берілген конверт: Пара беру дерегі расталмады Фото: Әзиз Жанұзақ

Бір айға жуық уақыт бұрын оның Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының көмекшісі деп көрсетілген адамға конверт беріп жатқаны бақылау бейнекамерасына түсіп қалып, әлеуметтік желілерге тарап кеткен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жарияланым авторы конверт ішінде корпорацияның бірнеше қызметкеріне жаңа жылдық сыйақы ретінде берілген ақша болғанын жазған. Бұл оқиғадан кейін мекемеде ішкі қызметтік тексеріс жүргізілді. Алайда, пара беру дерегі расталмады. 

"Осы факті бойынша акционерлік қоғамның комплаенс-қызметімен қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Тексеру аясында қызметкерлерден түсініктемелер алынды. Құзырет шегінде барлық мән-жайлар зерделенді. Осы тексеру нәтижелері бойынша барлық сыйлықақы еңбек заңнамасы аясында берілгені анықталды. Бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат расталған жоқ, яғни шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, тексерулерді басқа да мемлекеттік органдар жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Оның нәтижелері туралы қосымша айтылады", - дейді "Ақтөбе" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нарек Гегамян. 

Бұл жағдайға ақтысты Ақтөбе облыстық әкімдігінің өкілдері ешқандай ақпарат бермей отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу