Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай тұратын көшедегі жолды жөндеуге қатысты пайда болған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Қарасай ауданы Іргелі ауылының көшелері жөндеуден өтіп жатыр деген бейнероликтердің таралуына байланысты әкімдік ақпартты жалған және шындыққа сәйкес келмейді", делінген.
Instagram/qarasai_akimdigi
Көшенің суреті де қосылып, онда жөндеу жұмыстары жүргізілмегені көрсетілген.
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай 6 тамызда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.