Әкімдік өрт кезінде қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсетуде

677

Жамбыл облысының әкімдігі мен облыстық ТЖД ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. 

Әкімдік өрт кезінде қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсетуде

1 қазан күні, сағат 9:53-те Төтенше жағдайлар департаментіне Тараз қаласындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына құрамында 8 адам мен 2 бірлік техникасы бар бригада жетті. Қызыл жалын 10:17-де ауыздықталды. Өрт 4 шаршы метр аумаққа тараған. Оқиға орнында улы газдан улану белгілері бар 2018 және 2017 жылы туған екі баланың денелері мен бірнеше сіріңке  қорабы табылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Алдын ала мәліметтер бойынша, үйдің отағасы жұмыста болған, ал жұбайы балаларды үйде тастап, құлыптап, медициналық мекемеге тексерілуге шығып кеткен. Оқиғаның анық-қанығы әлі де анықталуда, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев пен қала әкімі Айтқазы Қарабалаев келіп, облыс әкімдігі атынан көңіл айтты. Жапа шеккен отбасыға жан-жақты көмек көрсетілуде. Оның ішінде психолог маманның кеңесі, көз жұмған балаларды жерлеуге көмек беру бойынша шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу