Әкімдік шаруалардың жерін тартып алғысы келеді

281

Түркістан облысы Сайрам ауданында 140-тай шаруа көктемгі егіске кірісе алмай отыр.   

Әкімдік шаруалардың жерін тартып алғысы келеді  Фото: baraev.kz

Себебі, аудан әкімдігі оларға тиесілі жерді мемлекет мұқтаждығы үшін тартып алмақ. Ол бойынша жергілікті билік дихандарға хабарлама беріп үлгерген, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Ал негізгі нәпақасын қара жерден айырып жүрген жандар биліктің бұл шешімімен келіспейді. Өйткені, кейбірі жерді толық сатып алса, басқасы заңды түрде 49 жылға жалға алған.

"Жерден айырылсақ күн көрістен қағыламыз", - дейді.

Бұл талас биыл емес, бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Жайқалып тұрған жасыл желекті аймақ сонда не мақсатпен мемлекет мершігіне қайтарылмақ? Шарасыз қалған шаруалардың жайы мен биліктің байламын тыңдап қайтқан тілші бейнеатериалында толығырақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу