Алматы облысының әкімдігі Шерзаттың үйін қалпына келтіруге уәде берді

1629

16 жасар Шерзат қаскөйлердің қолынан қаза тапқан болатын.

Алматы облысының әкімдігі Шерзаттың үйін қалпына келтіруге уәде берді Фото: Бейнежазбадан

Үйінен өрт шығып, баспанасыз қалған Шерзат Болаттың отбасына Алматы облысының әкімдігі тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Бұған қоса, жөндеу жұмыстары аяқталғанша оларға уақытша баспана беріледі", – деп хабарлайды әкімдік.  

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кеткені кеше түнде белгілі болды.

"Түнде маған жәбірленушілердің туыстары қоңырау шалып, Талғарда өлтірілген Шерзаттың отбасына тиесін үй өртеніп кеткені туралы хабарлады", – деп жазды Саида Тәукелева Instagram парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу