Әкімдікте тамақ өнімдерін қолжетімді бағамен алуға болатын базарларды атады

2798

Көкөніс пен жеміс-жидектің қала базарларының арасындағы баға айырмашылығы мониторинг барысында анықталмаған.

Әкімдікте тамақ өнімдерін қолжетімді бағамен алуға болатын базарларды атады

"Шапағат" коммуналдық базары өз жұмысын бастағалы ішкі нарықтағы ең бірінші қажетті деген негізгі азық-түлік тауарларының түрлері мен оның бағасын тұрақтандыруға қызмет етіп келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Базардың мамандары аптасына екі рет әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тауарларына мониторинг жүргізеді. Қаладағы сауда объектілеріндегі азық-түліктің тізімі ҚР Үкіметінің № 145 10.03.2010 ж. Қаулысында бекітілген.

Мониторинг бойынша мысалы, қаладағы сауда үйлеріндегі күріштің бағасы 240 теңгеден 300 теңгеге дейінгі аралықта. Ал  "Шапағат" базарында бір келі күріштің ең төменгі бағасы 240 теңге болып бекітілген. Қарақұмықтың бағасы ("Шапағат" ЖШС 110 теңге, "Артем" СҮ 180 теңге, "Әсем" СҮ 150 теңге), макарон өнімдері ("Шапағат" ЖШС бір келісі 270 теңге, "Артем" СҮ 320 теңге, "Әлем" СҮ 330 теңге), ұн ("Шапағатта" килосы 210 теңге, "Артем" СҮ 360 теңге, "Әлем" СҮ 350 теңге  және "Әсем" СҮ бір килосы 280-300 теңгеден).

Шай, қант, тұз және күнбағыс майын осы жерден айтарлықтай арзан бағаға үнемдеп сатып алуға болады. Мысалы, бұл жерде шайдың бағасы шамамен 200 теңге. Бұл жерден сондай-ақ 150-250 теңгеге бір кило ет пен ет өнімдерін және де сүт пен сүттен жасалған өнімдерді сатып алуға болады.

Айта кетейік, көкөніс пен жеміс-жидектің қала базарларының арасындағы баға айырмашылығы мониторинг барысында анықталмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу