Әкімдікте уақытша тіркелген азаматтар үшін дауыс беру ережелері түсіндірілді

799

Сайлаушы тізімін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдар дайындайды.  

Әкімдікте уақытша тіркелген азаматтар үшін дауыс беру ережелері түсіндірілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың брифингте айтқан сөзі бойынша, тізімге белсенді сайлау құқығы бар, 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында тұрмайтын Қазақстан азаматтары енгізіледі.

Нақтылы сайлау учаскесінде азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі болу қажет.

"Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне олардың жергілікті атқарушы органдарға берген өтініші негізінде ғана енгізілуі мүмкін. Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде 30 күн бұрын, яғни 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні оның тіркелген жері бойынша дауыс беруге арналған учаскеге келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болса, ол өзі дауыс бере алатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға (ЖАО) оны сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуіне құқылы.
Бұл ретте, ЖАО оны тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беруді жоспарлап отырған сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады", - деп хабарлады Жүсіп Жұмағұлов.

Спикер сондай-ақ, азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне енгізілуі мүмкін екенін еске салды. Әрбір адам сайлаушылар тізімінен өзін-өзі тексеруге және сайлаушылар тізіміне дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен шығарылып тасталғаны, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректерде қателіктің жол берілгені үшін шағымдануына құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу