Кеше әлеуметтік желіде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов тұратын көшеге асфальт төселгені туралы видео талқыға түсті. Енді бүгін әйелдер арасындағы күрестен жартылай финалда бақ сынайтын Назым Қызайбайға қатысты жазбалар тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай желідегі парақшасында "Әкімдіктігелер Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбайдың көшелерін жөндей берсе бола ма?" деп сауал тастаған.
Бұл жазбаға боксшы Назым Қызайбайдың өзі пікір қалдырған.
"Қатты қуанар едім. Асфальт төсемей-ақ, тым құрағанда көшені түзулеп бір қырып өтсе болар еді", - деп жазған боксшы.
Журналист спортшының бұл сөздерін скриндеп, "Әкімдіктегілер Назым Қызайбайдың көшесімен бір жүріп өтсін бе? Бұйыртса, алтын алып жатса, ұялып қалмасын дегенім ғой..." - деп жазба қалдырды.