Әкімдіктер "Отбасы банкімен" бірлесіп жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын әзірлей алады

"Жастар" ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту бойынша түзету енгізілді. 

Әкімдіктер "Отбасы банкімен" бірлесіп жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын әзірлей алады Фото: kazlenta.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң шеңберінде "жастар" ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзету енгізілді. Яғни, жастар саясатын іске асыруды қамту 3, 7 млн адамнан 6 млн адамға дейін ұлғайды", – деді спикер.

Оның айтуныша, жергілікті атқарушы органдарға жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын әзірлеу құзыреті берілмек.

"Әкімдіктер "Отбасы банкімен" бірлесіп 35 жасты қоса алғанда, азаматтар қатыса алатын жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын әзірлей алады. Сонымен қатар жастар саясатының негізгі бағыттарына қосымша жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жастар арасында волонтерлікті дамыту бағыттары қарастырылған. Бұдан басқа, NEET санатындағы жастар санын азайту мақсатында заң аясында осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша салалық орталық мемлекеттік органдардың құзыреттерін толықтыру ұсынылады", – деді Данияр Қадыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу