Әкімдіктің бас маманы шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған

315

БҚО прокурорлары бюджет қаражатының ірі көлемде жымқырылғанын анықтады. 

Әкімдіктің бас маманы шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған Фото: egemen.kz

Прокурорлық тексеріспен БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Бұл факт ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркеліп, кейіннен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды. 

Сот үкімімен әкімдік қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу